Таразда «ANTICOR ORTALYGY» ашылды

Таразда «ANTICOR ORTALYGY» ашылды. Сервистік орталықтың ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Құрметті қонақтар орталықтың салтанатты лентасын қиған соң қызметімен танысу үшін шағын экскурссия жасады.

Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының 1 маманы, процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады. Сонымен қатар, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, арнайы мониторинг топ және үгіт-насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru