Таңдаулы жаңалықтар:

Таразда «ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» квест ойындарының ашылуы өтті

27/02/20211min800

25.02.2021 күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Ф.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» «ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» квест ойындарының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент өкілдері, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдер, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Саналы ұрпақ» фронт-офис мүшерелі, азаматтық қоғам өкілдері, белсенді студенттер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Квест студенттер арасында интерактивтілік, белсенділік пен тапқырлықты талап ететін жарыс ретінде ұйымдастырылады. Ойын үш кезеңнен тұрады, олар үш күнде өткізіледі.
Квест студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын білім беру үрдісінде сақтау аясында ұйымдастырылады.
Квесттің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нольдік төзімділік және азаматтық ұстанымын, парасаттылық, адалдық, әділдік қаситеттерін арттыру және осы сала бойынша насихат жүргізу.
Квест ашылуын https://www.instagram.com/tv/CLtBBt-g0x_/?igshid=1cyx3jwqh1dfp сілтемесі арқылы көруге болады.
Квест қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіліп, аталған студенттер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің мүшелігіне қабылданатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *