Таразда 5 жылда 11 мыңнан астам адам баспаналы болады

26/12/20201min790

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сұлтан Өсербаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бауыржан Молдашев,  Минура Божымбаева  Тараз қаласындағы «Дәмдес Отау» тұрғын-үй кешенінде «Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кандидаттар тұрғындарға «Nur Otan»  партиясының  2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы басты бағыттарының біріне жататын баспанамен қамту ісіндегі партияның рөліне тоқталды.

–Қазірдің өзінде Тараз қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қарқынды жүзеге асырылуда. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін 7,6 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беруге, жеке инвестиция есебінен 600 пәтер салуға ықпал етеді. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап 5  мың жеке тұрғын үйдің құрылысына, 2025 жылға қарай 2 учаскеде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге және 2,7 мың жер телімін дайындау және бөлуге күш салады. Кезекте тұрған 3,5 мың адамды пәтермен және 2,7 мың адамды жер учаскелерімен қамтамасыз ету көзделуде. Нәтижесінде партия  2025 жылға қарай 11 мың адам пәтермен және  2,7 мың адамды жер учаскелерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді, –  дейді кандидат Бауыржан Молдашев.

Тұрғындар да өз тараптарын тұрғын үйлерді инфрақұрылымдық қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтерді. Кандидаттар бұл мәселелердің барлығы да «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына енгізілген және сол бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін алдағы сайлауда тұрғындарды «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.