Таңдаулы жаңалықтар:

Таразда үш баланы атып кеткен

Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада.

Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.