Тараз қаласының аумағындағы «қызыл сызық» мәселесі

23/04/20201min1640

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне қатысты өзінің шағымын білдіріп кәсіпкер Бейсеубаев Ж. келген.
Онда азамат Бейсеубаев Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі Ниетқалиев көшесі бойындағы ғимараты «қызыл сызықты» сақтамай соғылған деп, аталған ғимаратты бұзуға Тараз қалалық сотқа арыз талап жібергенін айтты.
Осыған орай Департамент арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізіп келесіні анықтады:
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі 2019 жылы 19 кәсіпкерлерге қатысты олардың нысандарын қызыл сызық ережесін сақтамағаны үшін бұзу жөнінде қалалық сотқа талап арыз жолдаған. Олар:
1. Ниетқалиев көшесі № 2В, 9/9А
2. Жамбыл даңғылы № 5, 7, 57/57А, 69, 140, 153А, 156А, 206А,
3. Абай даңғылы № 46, 253, 415
4. Қонаев көшесі № 100
5. Сыпатай батыр көшесі № 69
6. Койгелді көшесі № 255
7. Желтоқсан көшесі № 247
8. Комратов көшесі № 169
9. Салтанат мөлтек ауданы № 24/21
Жүргізілген монитринг сотпен аталған 19 арыз талаптың тек үшеуі ғана қанағаттандырылғандығын көрсетті. Себебі ол азаматтар ешқандай тиісті рұқсат құжаттарын алмай ғимараттарын тұрғызып алған. Ал қалған 16 нысан бойынша ғимарат иелерінің толық қанды барлық құжаттары дұрыс және қажетті рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды.
Сонымен қатар жүргізілген мониторинг жұмыстары жоғарыда аталған көшелер бойындағы ғимараттырдың көбісі қызыл сызық ережесін сақтамағандыған көрсетті (оның ішінде бұрындары соғылған ғимараттар және жаңадан тұрғызылған ғимараттар да бар). Алайда Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тек 19 нысан бойынша сұрақ көтерген.
Осыған орай аталған мәселені қорытындылай келе Департаментпен Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының заңды құқықтарын сақтау мақсатында бүгінгі таңға соғылып қойған (заңды құжаттары түгел) нысанды бұзу туралы талап арыз кою практикасын мүлдем жою ұсынылды. Себебі әр көшеден 1-2 нысаннан таңдап алып оларға ғимаратты бұзу туралы арыз талап қою заңсыз.