Талас аудандық пробация бөлімшесінің инспекторы Ж.А.Төлепбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды

10/09/20201min120

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Талас аудандық пробация бөлімшесінің инспекторы Ж.А.Төлепбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, жеделдетілген тәртіппен — айыптау актісімен Талас аудандық сотына жолданды.Тергеп-тексеру барысында келесі мән-жайлар анықталған:

2020 жылдың 13 тамызында Жамбыл облысы полиция департаментінің Өзіндік қызмет басқармасына азамат Нұғмансай пробациялық бақылауды жүзеге асыру барысында жалпы қамқорлық көрсету үшін Талас аудандық пробация бөлімшесінің инспекторы Төлепбаев заңсыз ақша талап еткені туралы арызданған.Сол күні аталған арыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, Төлепбаев Талас аудандық пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген Нұғмансайға пробациялық бақылауды жүзеге асыру барысында оның пайдасына жалпы қамқорлық көрсету үшін барлығы 34 000 теңге ақша қаражатын алғаны анықталды.
Аталған қылмыстық іс тергеу реттілігі бойынша Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданған.

Тергеп-тексеру барысында, Төлепбаев пара алғанын толығымен мойындаған. Өз кезегінде, Ж.А.Төлепбаевтың аталған қылмысты жасауына ықпал еткен басты себеп-жағдайдың бірі, ол – Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығына жүктелген міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы мен ведомствалық бақылаудың төмендігі болып табылады. Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы тарапынан бақылаудың төмендігі, онымен сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылыққа қарсы тәрбие жұмыстары төмен деңгейде жүргізілетіні; құқық бұзушылықтың алдын алу, оған жол бермеу шаралары, құқық бұзушылық профилактикасы шаралары, құқық бұзушылықтардан сақтандыру жөнінде шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар тиісті дәрежеде жүргізілмеуі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстарының сапасыздығы.
​Жоғарыдағы орын алған қылмыстық құқық бұзушылық қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін төмендетеді, теріс пікір қалыптастырып, мемлекеттік қызметке кір келтiреді.
​Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде ұсыныс берілді.

1. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Талас аудандық пробация қызметі бастығының қызметкерлерге тиісті дәрежеде ведомствалық бақылау жүргізбегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруды;
2. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша профилактикалық және тәжірибелік жұмыстар жүргізуді.