Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданы бөлімінің коворкинг залында «Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының» актеры
Мақсат Тауасармен кездесу өтті.

Кездесуге «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, өнерге қызығушылығы бар студент жастардың қатысуымен өтті.

Сыр сұхбат барысында жас актер өнер жолына келуі жайлы, актер мамандығының қыр-сыры мен алда сомдағысы келетін рөлдері жайлы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жастар өзара пікір айтып, сұрақ-жауап алмасты.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.