Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары

Эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысы 2020 жыл бойы тұрақты дамыды және бүгінде экономикалық дамуда оң серіпн көрсетуде. «Қазақстанның рухани астанасының» туристік және қалалық инфрақұрылымының құрылысы жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша көлемді жұмыс жүргізілуде. Түркістан облысының бүгінгі таңда қалай дамып жатқаны және 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 1 478 млрд теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 729,2 мың теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы экономиканың негізгі салалары: өнеркәсіп – 231,7 млрд теңге, ауыл шаруашылығы – 309,9 млрд теңге, құрылыс – 124,5 млрд теңге, көтерме және бөлшек сауда – 61,5 млрд теңге, көлік және қоймалау – 119,6 млрд теңге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 131 млрд теңге, басқалары – 499,8 млрд теңге. Алдын ала берілген деректер бойынша, облыстың сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда $424,6 млн құрады. Сонымен қатар шикізаттық емес экспорт көлемі $301,4 млн немесе барлық экспорттың 71%-ын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өсумен баламалы. Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда $376,3 млн немесе 2019 жылғы сәйкес кезең деңгейіне қарағанда 115,2%-ды құрады, оның ішінде экспорт — $304,6 млн немесе 127,8%, импорт — $71,7 млн немесе 81,1%. ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 98,2%-ы — Ресей Федерациясына, 1,2%-ы — Қырғызстан Республикасына, 0,6%-ы — Беларусь Республикасына, 0,03%-ы — Армения Республикасына тиесілі. Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru