«Сыбайластықтан сақтан, студент!» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті

Білім – майдан, сөз – қару. Дәл осы сөйлемді санасында сөйлеткен жастар қашан да қоғамның гүлденуі үшін білімге деген құлшыныстарын саябырсытпау керек. «2019 жыл — Жастар жылының» жылының жабылу апталығы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен облыстық «SUPER SMART STUDENT-2019» зияткерлік сайысы өтті. Бұл жолы білімділер бәсекесі «Сыбайластықтан сақтан, студент!» атты тақырыпқа негізделді. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен 5 команданы қамтитын сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім бойынша қатысушы командалар бес бағытқа негізделген сұрақтарда саяси сауаттылықтарын сынаса, екінші кезең бойынша теориялық білімдерін сүзгіден өткізді. Ал үшінші кезең бойынша қатысушылар тарихи тұлғалардың бейнесін қаншалықты білетіндіктерін бағамдап көрді. Бағы мен бабы келіскен білімділер сайысына М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Жамбыл медициналық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің командалары өзара бақ сынап, өз білімдерін ортаға салады. Сондай-ақ, аталмыш сайыста қатысушылардың ұпайын жіті қадағалап, сарапшылық ететіндердің қатарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тулебаев Равиль Қуанышбайұлы, Облыстық «ARAI» жастар газетінің редакторы – Дәулет Төленді, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар рессурстық орталығы» КММ директоры – Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы болды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Жамбыл гуманитарлық колледжі, ІІ орынды ТИГУ студенттері, ал І орынды Тараз Мемлекеттік университетінен келген студенттер жеңіп алды. Барлық қатысушылар қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ТарМПУ АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *