Таңдаулы жаңалықтар:

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ДІН ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА | Zau.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы бойынша ақпараттық технологиялар орталығының ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясатты жүргізуде рухани мәдениеттің маңыздылығы, Агенттікпен қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысы мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар айтылды.
Осы тұрғыдағы кездесу Абай ауданы халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылып, Халифа Омар мешітінің бас имамы Данабек Жұмабеков, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ермек Бекбосынов қатысты.
Д.Жұмабеков қоғамның ең басты байлығы адамға тура жол көрсетіп, жемқорлықты індет ретінде көрсетуде діннің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жастайынан тәрбиелеу қажеттігіне кеңінен тоқталып, оның ішінде отбасының рөліне баса назар аударды.


Өз кезегінде Ермек Бекбосынов жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, кездесулер барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.