Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан алғаш рет 38 балл жинап, 19 позицияға көтерілді.

01/02/20211min220

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы департамент басшысы және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі облыс әкімінің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында баяндады.  Осылайша өткен жылы жамбыл облысының барлық аудандары және Тараз қаласы Сервистік қызмет көрсету моделіне ауысқан. Демек тұрғындар мемлекеттік қызметті бір терезе принципімен ала алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік басшысының тапсырысымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жүзеге асуда. Осылайша департамент жергілікті атқару органдарымен берлесе 1049 мекеме бюджеттері туралы ақпаратты картаға енгізді.

Елімізде орын алған жағдайда Агенттіктің бастамасымен «ANTIKORLIVE»  және «АДАЛ КӨМЕК» жобалары іске қосылды.  Аталған жобалар аясында 588 спикердің қатысуымен 1042 тікелей эфир ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде сыбайлас жеморлық тәуекелдерін анықтау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бағаны көтермелеуге зерделеу жұмыстары да жүргізіліп тұрды. Зерделу нәтижесі бойынша мемлекеттің бюджеттен 626 млн. тенге  үнемделді. Сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыртқы анализ механизмдерді қолданылуда. Мониторинг қорытындысы бойынша 11 нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралар қабылданды.  Мысалы, тұрғын үй қорындағы үйлерді заңсыз Мысалы, тұрғын үйді Тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарға заңсыз беру туралы ереже жойылды. Осылайша, 2020 жылдан бастап,  тұрғын үй мұқтаж азаматтарға кезекпен беріле бастады.

Сондай-ақ департамент сыртқы талдау жүргізу арқылы да маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 40 ұйымдастырушылық-басқарушылық шара и 19 құқықтық акті және  3 НҚА-ға өзгерістер енгізілді.

2020 жылдың қорытындылары бойынша Transparency International жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының деректері бойынша Қазақстан 38 балл жинап, Бразилия, Эфиопия, Перу, Сербия, Шри-Ланка, Суринам және Танзаниямен бірге 94-орынды иеленді. Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай және демократиялық институттардың орнықтылығына төнген қатер аясында Қазақстанның ИВК рейтингіндегі позициясының өсуі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үдемелі жұмысын куәландырады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru