Таңдаулы жаңалықтар:

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты байқау ұйымдастырылды | Zau.kz

«Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында  8 қыркүйек пен — 18 қазан күндері аралығында Маңғыстау облысы тұрғындарының арасында әлеуметтік желіде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жобасын танымал етуге  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» интернет байқауы жарияланды.Тиісті байқауға 42-эссе, 88-сурет,10-видиоролик, 6 әлеуметтік желіде пост жұмыстары келіп түсті. Ағымдағы жылдың 23 қарашасында комиссия мүшелері келген жұмыстарды қарады. Нәтижесінде комиссия шешімен

1-орынға Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Бисалиев Нариман, (видиоролик)

2-орынға М.Тыныншпаев атындағы Ақтау көлік колледжінің оқытушысы Оспанов Жанғазы,  (Эссе)

3-орынға Каспий педагогика және технологиялар колледжінің студенті Сисенбай Ділдә (Сурет) ие болды, Ал ынталандыру сыйлағын

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Аллаберген Қонарбаев, (пост)

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студентті Жанузакова Алия, (сурет)

Антикор жанынан құрылған Ақпараттық ағарту штабының мүшесі Айда Ертілеуова ( пост) иеленді. Марапаттау рәсімі 6-желтоқсан күні Достық үйінде «жемқорлықсыз әлем» форумы аясында өтті. «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев байқау жеңімпаздарына грамота және ақшалай сертификаттар табыстады.