Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті қатайтуға байланысты құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы

31/12/20201min830

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру  мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.

Бұл өткен жылдың соңында енгізілген –  қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институты. Осылайша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, егер қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, саяси мемлекеттік қызметкер (министрлер және олардың орынбасарлары, облыс, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері және олардың орынбасарлары, аудан әкімдері) отставкға беруі тиіс, деген өзгеріс енгізілді.

Ағымдағы жылы желтоқсан айында мемлекет басшысы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Бұл ретте Қылмыстық кодексте пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату бойынша түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 361 (Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), 364 (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), 365 (Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау), 366 (Пара алу), 369 (Қызметтік жалғандық жасау), 370 (Қызметтегі әрекетсіздік) бабтарына төмендегі біліктілік белгілері енгізілді:

-«Құқық қорғау органының қызметкері жасаған іс-әрекет»;

-«Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер».

Сонымен қатар, соңғы өзерістерге сәйкес, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі жойылды.

Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен, мемлекеттік қызметкерлерге, Парламент депататтарына және судьяларға шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салынады.

Осыған қоса, алдағы келе жатқан жаңа жыл мейрамдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерге қызмет бабында сыйлықтар қабылдауға толық тыйым салынғанын, ескеріп қою қажет деп есептеймін.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев