Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Антикор орталығымен танысты

01/04/20211min510

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.               Жұмыс сапарының алғашқы нысаны «Antikor» сервистік орталығы болды.               Жұмысшы топ өкілдері орталықта АМТ мүшелері, «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО, ақпараттық – насихаттық штаб мүшелері мен қоғам белсенділерімен кездесті.                  Жиын барысында сөз алған «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Мен адалдықты, әділдікті жақсы көремін. Менің басты құндылықтарымның бірі — әділеттілік. Сондықтан біздің қоғамда өмір сүретін әрбір адам өзіне, өмірге, балаларға, қоғамға, Отанға деген әділ болуы керек. Ол кезде сыбайлас жемқорлық, ұрлық және басқа да қиыншылықтар болмас еді», — деп түйіндеді. Сондай-ақ, «Сервистік орталықтардың» маңыздылығына да тоқталды. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады, онда транспаренттілік, есептілік және қоғамдық диалог құру бірінші орынға шығады. Бұл ретте сервистік әкімдікте келушілер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.               Одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жиынға қатысушыларға Агенттіктің саясаты мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар,  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалысына мән берілді. Оның ішінде 2018-2020 жылдарға арналған жоспардың тармақтарын өңірдегі орындалысы жайында сөз қозғалды.                Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаға енгізілген өзгерістерді де атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету жайы да назардан тыс қалмады