Таңдаулы жаңалықтар:

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» | Zau.kz

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылу процесін тежеп, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Сондықтан да сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар маңызды болып табылады. Осы орайда «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Маңғыстау облысының тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Адалдық түсінігін дәріптеу мақсатында жобалық кеңсе мүшелері білім,денсаулық салалары, жергілікті атқарушы органдармен кездесулер  өткізді.

Кездесу барысында ұйымдарда қызметкерлердің жалақасы өсіру туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуын сұрады.Сонымен қатар мектептерде тоқсан сайын өтетін форумдарға «Адалдық-алаңы» өкілдерін қосуға ұсыныс берілді.