Таңдаулы жаңалықтар:

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар | Zau.kz

Ағымдағы жылдың 19 тамызында «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында  Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен біліктілікті арттыру бойынша  онлайн оқу семинарын өтті.

Семинарға «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандық,қалалық филиалдарының жетекшілерімен мүшелері қатысты.Семинарда «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтіп, әлеуметтік желіге салынатын ақпараттардың жүргізілуі  және тікелей эфир, «Адал көмек» секілді жобалардың  өткізілу тәртібі мен  маңыздылығына  тоқталды. Тиісті шара аясында қатысушылар «Адалдық-алаңы» жобасы бойынша білімдерін арттырды.