Таңдаулы жаңалықтар:

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында вебинар | Zau.kz

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен біліктілікті арттыру бойынша оқыту вебинары өтті.

Вебинарға «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандық,қалалық филиалдарының жетекшілерімен мүшелері қатысты.Вебинарда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай спикер ретінде қатысып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізілген өзгерістермен таныстырды.Сондай-ақ «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев мониторинг жүргізу жұмыстарына тоқталды. Тиісті шара аясында қатысушылар «Адалдық-алаңы» жобасы бойынша және заңға енгізілген өзгерістермен танысып білімдерін арттырды.;