Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Сұлушаш Құрманбекова

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұдан бұлай аталған қызметті Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы атқаратын болады. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Біржан Сартбекұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Жаңа орынбасарын облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Өз сөзінде аймақ басшысы Сұлушаш Сәтбекқызының білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенім білдірді.
Айта кетейік, С. Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады.
Сұлушаш Құрманбекова қарапайым мектеп мұғалімдігінен бастап, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы қызметіне дейін сатылай өскен. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С. Құрманбекова облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru