Солтүстік полюсті кім ашты?

Солтүстік полюсті алғаш ашқан Американ азаматы Роберт Пири тарихта өзінің үлкен ерлігімен есте қалды.

Алты ай қараңғы, алты ай жарық болып тұратын солтүстік полюсті анықтау үшін 18-19 ғасырларда қаншама экспедиция жолға шығып кері қайтты немесе мерт болды.

Алайда, Солтүстік полюсті 1909 жылы алғаш ашқан зерттеуші ретінде Роберт Пиридің аты аталғанымен, ол кезде Пиридің қасында тағы да бес адам болған. Ол Роберт Пиридің досы Афроамерикан Метью Хенсон мен тағы да жол көрсетуші төрт Эскимос.

Роберт Пиридің тобы Гренландия аралы арқылы Солтүстік полюске қарай бет алған. Нəтижесінде, олар Солтүстік полюстің құрлықта емес, мұхиттың қақ ортасында екендігін анықтады. Ол мұзды мұхиттың қалың мұзының үстінде тұр. Солтүстік полюс жердің шыңы деп аталады.

Солтүстік полюсте барлық меридиандар тоғысатын болғандықтан, ол жерден шыққан адам қалай қарай жүрсе де оңтүстік полюске қарай беттейді.

Сонымен қатар, Солтүстік полюс жағасынан бүгінде 370 шақырымнан кейін бес мемлекет теңіз арқылы Солтүстік мұзды мұхитын бөліп алған. Олар, АҚШ, Ресей, Дания, Норвегия секілді елдер.

Себебі: дүние жүзілік мұнай қорының барланбаған 30-пайызы əлі осында жатыр.

Солтүстік полюсте 6 ай бойы дала қараңғы болып тұрады. Ал, одан кейін алты ай жарық. Күніне 17 шақырым жүріп отырған Роберт Пиридің тобы Солтүстік полюске күндіз жеткен.

Ал, Оңтүстік полюсті ашқан 1912 жылы норвег теңіз зерттеушісі Руаль Амундсен болды. Оңтүстік полюс Антарктида құрлығының қақ ортасында орналасқан. Ол жерде мұздың қалыңдығы 4000 метрден асады. Оңтүстік полюсті зерттеуде ағылшын саяхатшысы Роберт Скоттың экспедициясы да еңбек сіңірді. Олар да онда 33 күн жүріп жеткен.  Алайда, Скотт экспедициясы қайтар жолда жағалауға 230 шақырым жетпей мерт болды.

Оңтүстік полюс жердің ең суық нүктесі. Онда қыс айларында 83 — градус суық тіркелген болатын. Мұнда, күн өмірі жылымайтын болғандықтан кейін бірнеше жыл қатып жатқан адамдардың денесі де сол қатқан күйінде талай мəрте табылған еді…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru