Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ - Zau.kz

Бүгінгі таңда қаланы көгалдандыру бағыты бойынша, 8,2 га тұқымбаққа 10 000 дана терек, 3000 дана жиде, 2000 дана ива, 4500 дана легустра, 100 дана қайың, 50 дана манджур жаңғағы, 4500 дана емен, 3000 дана каштан, 4000 дана бадам, 100 дана бұйра тал қаламшалары отырғызылды. Сонымен қатар, 2020 жылы жиналған жиде ағашының 120 кг тұқымы себілді.
Бұл туралы Шымкент қаласының Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау есебінде мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы мен «Қошқар ата» учаскесін дамытуға арналған жобасын әзірленді. Аталған жоба мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Prospect Бюро» ЖШС ұтып алды.
Жалпы, Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінде басқармаға қатысты 7 индикатор бар.

Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, 9 айда 26,7% артты. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жоспары бекітілген. Ал iKomek арқылы түсетін шағымдар мен өтініштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 191 шағымдар мен өтініштер түскен. Оның ішіндегі: 190 – жауап берілген, 1 – қаралуда.
-Басқармаға қарасты Шымкент қаласы тұрғындарын атмосфералық ауаның жай-күйі туралы үздіксіз ақпараттандырып отыру да қарастырылған. Қазіргі таңда, осы мақсатта қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2 дана LED-экранды орнату үшін қала аумағынан екі жер учаскесіне мемлекеттік актілер алынып, Шымкент қаласының әділет департаментінде тіркелді. Бірақ, мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген талаптардың орындалмауына байланысты конкурсты қайта жариялау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде,- деді басқарма басшысы Ғ.Ильясов.