Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкенттіктер Жолдауға қолдау білдірді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына қатысты «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты бастауыш бартия ұйымдарымен zoom интернет платформасы арқылы жиын өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының қызметкерлері, «Ақтас», «Бадам», «Болашақ», «Жайлау», «Жаңаталап», «Тәуелсіздік», «Ынтымақ», «Қорғасын», «Қошқар ата», «Ұлағат» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен ардагер ұстаздар қатысты.

Жиында сөз алған Абай аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Бертаев Есімхан Қалмаханұлы ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді эко жүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйымдастыруға бағытталған бастамаларын сөз етті.

Осы орайда, қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың барлығы қамтылған Жолдау туралы онлайн жиынға қатысушылар өз ой — пікірлерін білдірді. Атап айтсақ Жолдаудағы Негізгі басымдықтарына зер салып, мақсатқа жету жолындағы маңызды 5 бастаманы қолдады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *