Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкенттік кәсіпкерлер спортқа демеушілік танытуда

Мемлекеттік тапсырыспен жан басына қаржыландыру жобасына қатысқан жеке кәсіпкердің бірі Бахытжан Хуснидинов. Ол «BIBA» Қазақстандық ММА аралас федерациясы ғимаратын жалға алу арқылы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасап отыр. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1682 шаршы метрді құрайды.

Кәсіпкер каратэ спорт түрінен 30 балаға өтінім жолдап, тамыз айының 10-нан бастап жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, 18 ата-анадан өтінім түсіп, 10 ата-анамен келісім-шарт жасасқан.

Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері спорттық секцияның жұмысымен танысты.

Мақсұт Исахов бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар клубтарының қызметін жандандыру бойынша берген тапсырмасы негізінде жүзеге асып отырғанын атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 25 кәсіпкерден өтінім түскен. Оның ішінде 20 кәсіпкер біліктілік іріктеуінен өтіп, оң шешім алды.

Спорт нысаны Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, М.Х.Дулати, 160 үйде орналасқан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *