Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАУДА

Шымкент қаласы Қаратау ауданында қайрымдылық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Аталған аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіпкерлер мен депутаттар қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетті.

Осы орайда, кәсіпкерлердің демеушілігімен — 562 әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған азық-түлік, киім-кишектермен, көмір отынымен көмек көрсетілді.
Ал 510 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары зообақты аралап, кинотеатрларға бару шараларына қатысты.

Сондай-ақ 131 аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасымен және оқу құрал-жабдықтары берілсе, 5 аз қамтылған, көпбалалы отбасылар «Менің кәсібім» атты әлеуметтік жобасына қатысып, тігін машиналары, нан пісіру пештері, көлік жууға арналған техникалық құрал-жабдықтар, шикізаттармен қамтамасыз етіліп, өз жеке кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында 11 235 отбасыға 286 178 бетперде таратылды.
Аталған қайырымдылық шаралары аудан аумағында алдағы уақытта жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *