Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕР ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ САЛЫНУДА

Шымкентте жаңадан бой көтеріп жатқан білім ордалары заманауи үлгіде салынып жатыр. Жаңаша дизайнда жасалып, қабырғалары ерекше бояулармен әрленген.

Соңғы үлгідегі техникалар мен ерекше стильдегі жиһаздар да қойылады. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында лингафонды мультимедиялық кабинеттер, модификацияланған технологиялық бағыттағы сыныптар, СТЕМ-кабинеттермен қамтамасыз етілмек.

Қауіпсіздікті қадағалау үшін бейнекамералар қойылып, олар құқық қорғау органдарымен орталықтандырылады. Турникеттер мен дабыл батырмалары да назардан тыс қалмайды.

Бұл — құрылысқа жауапты мекемелерге қойылып отырған басты талап.

Себебі қауіпсіздік пен жайлы орта бар жерде сапалы білім болмақ.