Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕГІ КЕЗЕКТІ СЕМИНАР «АЛТЫН ДӘН» ЖШС -де ӨТТІ

«Алтын Дән» ЖШС еліміздегі тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының бірі, науқан кезеңдарінде 1000 жуық жұмыскер осы ұжымда еңбек етеді. Семинарда еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ Еңбек заңнамасына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, еңбек шарттар мен ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Бүгінгі семинарды Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев жүргізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *