Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕГІ «КАЗМЕДПРИБОР» ЖШС КҮНІНЕ 20 ӨЖЖ АППАРАТЫН ШЫҒАРАДЫ

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.

Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасауда. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония елдерінің өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *