Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ | Zau.kz

Қала аумағында 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні аясында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде.

Зорлық-зомбылықты жою, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту мақсатында 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Акция аясында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары қала тұрғындары мен құқық қорғау қызметкерлері арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, орталық мамандары тұрмыстық зорлық — зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған жағдайда 45-03-03 сенім және 8-775-450-54-33 ыстық желі нөмірлеріне хабарласуға болатындығы туралы арнайы (750 дана) ақпараттық парақшалар таратты.

Аталған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-ы аналар болса, 24-і балалар.