Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте «Жылдың үздік жазушысы» номинациясының иегері Зылиха Тұрарқызы Жантасовамен, «Адами құндылық» тақырыбында кездесу өтті | Zau.kz

Шымкент қаласы білім басқармасы Политехникалық колледж кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында кітапхана қызметкерлері Адасханова Ұлбосын Рахимбердиевна, Қанатова Бибігүл Мэлсқызының ұйымдастыруымен жазушы, ф,ғ,к., доцент«Сағыныш», «Жанымның жаз ғұмыры», «Тағдыр биі» атты прозалық жинақтардың авторы, 2012жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жылдың үздік жазушысы» номинациясының иегері Зылиха Тұрарқызы Жантасовамен, «Адами құндылық» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Баймахан Абай жүргізді.Адами құндылық тақырыбында оқырмандарға өнегелі ой тастап, қазіргі қоғамға жетпей жатқан адалдық, шыншылдық тақырыбын терең қозғап, тыңдаушыкөпшілікті адалдыққа,мейрімділікке, қарапайымдылыққа шақырды. Іс-шара соңында Жантасова оқырмандарға жүрекжарды тілегін білдіріп, 2021 жылдың «Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы»-деп жарияланғанын айтып студенттерді кітап оқуға шақырды.