Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

📍ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы,»Рухани жаңғыру» жобасы аясында және 12 тамыз Халықаралық жастар күні, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Zoom видео байланыс ақпараттық жүйесі арқылы «Жұмысшы жастар – қуатты Қазақстан» атты жұмысшы жастар форумы өтті.

📍Форумның мақсаты – мемлекеттің игілігі үшін маңызды мамандық иелерінің беделін көтеріп, үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, осы арқылы өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылады.

📍Жұмысшы жастар форумына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі басшысының орынбасары Альжанов Ерлан Тұрсынбекұлы, «BI Group» құрылыс компаниясының техникалық директоры – Асылхан Фархат, «Петро Қазақстан» компаниясының технологиялық сораптар машинисті — Бәйденов Өркен , «Бал Текстиль» ЖШС-нің Ақпараттық есептеу орталығының басшысы — Қарақұлов Нүркен , «Наурыз Пластик» ЖШС-нің инженер-технологы — Байтеміров Наурызбек, «Шымкент құс» ЖШС-нің операторы – Ақылдын Бақдәулет, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны – Ерғали Нұрдаулет, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары және жастар ұйымдары қатысты.