Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді

Шымкент қаласында жеңіл және тоқыма өндірісі қарқынды дамып келеді. Шаһарда киім тігетін кәсіпорындардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Солардың бірі «SAGITEX GROUP» ЖШС – іш киім өнімдерін шығаратын фабрика . Жобаға 337 млн.теңге инвестиция тартылып, 11 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
Өндіріс нысаны жылына 400 000 дана өнім тігіп, сатылымға шығаруда.Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілген.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы инвестициялық портфелі 4 364 жаңа жұмыс орнын құрумен 98,5 млрд.теңгеге 48 жобадан тұрады.
Бүгінде оның ішінде 2293 жаңа жұмыс орнымен 43,2 млрд.теңгеге 26 жоба іске қосылды.
Жыл соңына дейін 12 млрд.теңгеге 5 жобаны іске қосып, онда 290 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.