Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» ӘНІН ХОРМЕН ОРЫНДАДЫ

Абайдың туған күніне орай, Шымкентте «Елбасы медалі» қатысушылары Абай ескерткішінің жанында кездесті. «Көзімнің қарасы» туындысын орындап, ұлы ақынның бейнесін жинақтады.
Абай Құнанбайұлының 1891 жылы жазылған «Көзімнің қарасы» өлеңінің биыл жарық көргеніне 130 жыл болды.
«Елбасы медалі» жобасының қатысушысы Маутан Айсәуле: «Мен солист болып, ерекше сезімге бөлендім. Жобаға тіркелгеніме 2-3 ай болды. Осы аралықта белсенді болып, іс-шараларға қатысып жүрмін. Осыған дейін «Абай күні» туралы білмейтін едім. Абай мұрасын насихаттауға атсалысқаныма қуанып отырмын», — деді ол.


Ал Алина Мансұр 1 минуттық бейнеороликті әзірлеу үшін 4-5 сағат уақыт жұмсалғанын айтты. Қатысушылар әр кадрдың ұтымды шығуын ойластырып, Абай тағылымын насихаттауға ат салысқан. Игі шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өткізілді.