Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте жануарларды бірдейлендіру ісіне баса иән берілген

Жануарларды тіркеу адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, жоғалған жануарларды іздеу және олардың санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Әрбір тіркелген жануарға өмір бойы сақталатын сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Халыққа, кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге тиесілі барлық ауылшаруашылық, үй шаруашылықтары, олардың меншік формаларына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Шымкент қаласы бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне (базаға)міндетті түрде тіркелуі қажет.

Ескертпе: Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V Кодексінің 406 бабы, 5 тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Қала аумағында жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларыңызды уақтылы бірдейлендіруіңізді сұраймыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 24-75-37, 24-75-13 және Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК- ның 45-05-22, 45-05-05 байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *