Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 19 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биылғы жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде 19 жаңа мектеп қыркүйек айында оқушыларға есігін ашады. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева мәлім етті.

Спикердің айтуынша, пайдалануға берілетін білім мекемелерінің төртеуі мемлекеттік, 19-ы жекеменшік. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елдімекендер 13-тен 11-ге және ыңғайластырылған ғимараттағы мектептер саны 5-тен 4-ке төмендейді екен.

«2021-2025 жылдар аралығында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Ал, күрделі жөндеу 4 нысанда жүргізілуде және 28 мектептің ауласына спорт алаңдары орнатылуда. Қысымдау жұмыстары 258 мемлекеттік білім ұйымдарында 100% аяқталды»,-деді басқарма басшысы.