Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БЕКЕТТЕРІНЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясы “30 Қайрымды іс” жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайрат Сүлейменов және «Пища жизни» дәмхана желісінің қолдауымен, сондай-ақ Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 36 вакцинациялау бекетіне ыстық тамақ үлестірілді.

Жобаның мақсаты: Ақ халатты абзал жандарға осынау індет жайлап тұрған кезеңде талмай еңбек етіп, халыққа аянбай көмек қолын созып жатқандары үшін, үлкен құрмет көрсету.