Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте Ұлы дала өркениеттері атты байқау өтті

Шымкент қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығының  N671 санды хаты негізінде, Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, » Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы » заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастаруымен «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен білім алушылары қатысу үшін өтінім білдіріп, байқаудың шарттарына сәйкес, білім ордасында «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті- сол ұлттың жан- дүниесі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қаратау аудандық ардагерлер жанынан құралған әжелер төрайымы, елеулі еңбегі үшін «Алтын ана» медалінің иегері Бойшева Қиздиғой Жолмурзаевна және еңбек ардагерлері, мемлекеттік наградасы бар тұлғалар мен ардагер ұстаздардан құралған «Үкілі әжелер» тобы шақырылды.
Іс-шара барысында қазыналы қарияларымыз жастарға ұлттық мәдениетіміздің, дәстүріміз бен тіліміздің қадір қасиетін насихаттап үлкенді сыйлай білу, аталы сөзден ғибрат алу жайында тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *