Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте Ұлт көсеміне арналған кеш өтті

Шымкентте жасөспірімдер кітапханасында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов — ұлт көсемі» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға №5 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында «Әлихан Бөкейханов –тарихи тұлға» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, «Әлиханы Алаштың», «Алаш ардақтылары» атты бейне- композиция ұсынылып, қоғам қайраткері жайында толық мәлімет берілді.