Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА «ТӨЛЕМ» КАРТАСЫ ТЕГІН БЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Төлем» компаниясы тарапынан тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жеңілдік ретінде оқушыларға арналған «Төлем» картасы тегін берілуде. Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балалары картаны мектептің әлеуметтік педагогынан ала алады.

Толық мәліметті мектептің әлеуметтік педагогынан біле аласыз. Қалада оқушылар үшін жалпы жол жүру ақысы төмендегідей белгіленген:

– 35 теңге (7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).

– 50 теңге (15-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).