Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАНЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН 3 КІТАПХАНА АШЫЛДЫ | Zau.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен биыл Шымкентте 10 кітапхананы жаңғыртудан өткізу жоспарланған. Бүгін Тәуелсіздік күні қарсанында 3 жаңғыртылған кітапхана өз оқырмандарына есіктерін айқара ашты.

Кітапханалардың ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадүр Нарымбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, және Шәмші Қалдаяқовтың туған қарындасы Райхан Қалдаяқова қатысты.

Іс-шара кітапхана алдында орналасқан ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Бірінші қабатында кітапхана орналасқан бұл үйде кезінде қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқов тұрған.

Кітапхананы жаңғырту барысында осы тарихи фактіге аса назар аударылған. Сондықтан, кітапхана іші музыка стилінде безендірілген. Бұл кітапхана қорының басым бөлігі енді музыка, өнер, мәдениет салаларының кітаптарынан тұрады.

Сонымен қатар, қатысушылар Қарасу шағын ауданы мен 112 орамда орналасқан Абай кітапханасы мен отбасылық кітапхана филиалдарының жаңғыртудан кейінгі ашылу салтанатына қатысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *