Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ - Zau.kz

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д.Жанысбек, Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишевтің және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы Ғ.Шариповтың қатысуымен:

сыбайлас жемқорлықты жою және оның пайда болу себептері талқылау, мемлекеттік қызметшілердің адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, негізсіз үстеме жұмыстарды болдырмау мәселесін қатаң бақылауға алу, мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа келіп-кету мерзімін бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне «Е-kyzmet» ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру жұмыстарын жүргізу, ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу мен тәжірибе алмасу бойынша мемлекеттік қызметшілерімен семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында заң талаптарынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар беріліп пікір алмасу жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *