Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы денсаулық кепілі – дене шынықтыру екенін, халқымыздың, әсіресе балалардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуы қажет деген болатын.

Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде бүгінде 4 096 баланы қамтуға 28 спорт түрінен секциялар ашуға 339,8 млн. тг қаралды.

Спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша спорттық инвентарь сатып алуға 448 млн. тг қарастырылды.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін қала аумағында тұрғын алаптар мен шағын аудандарда 115 спорт алаңшасы салынуда.

Сонымен бірге, осы жылы алғаш рет оқушылар мен студенттер арасында «Жастар лигасы» спорттық іс-шарасы өткізілді.

Екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргзіледі және 2021-2025 жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 6 спорт кешенін салу жоспарлануда.