Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ «ШАМSHYRAQ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛМАҚ | Zau.kz

2021 жылғы 12- 13 қараша күндері, 13 қараша — Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының және Шымкент қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен «ШамShyraq» қалалық фестивалі өтіледі.

12-ші қараша күні «Жастар» ресурстық орталығында 1,2,3 топ көз мүгедектерінің қатысуымен 3 номинация бойынша:

1. «Туған елге, тағзым!» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, табиғи дауыста эстрада стилінде минусовкада ән орындау;

2. «Жанарсыз адам келеді… жанарлы бейқам тірліктен» Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған автордың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;

3. «Өнер бесігінде тербеліп өскен — Жамбыл» Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған, табиғи дауыста, эстрада стилінде минусовкада немесе өзі қалаған аспабында жырау, терме орындау;

13-ші қараша күні «Көрме» орталығы сағат 11-00-де Гала – концерт, жеңімпаздар марапаттау рәсімдері өтілмек🙌

Ендеше сәттілік болсын