Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте Шәмші Қалдаяқов тұрған үйде кітапхана ашылды | Zau.kz

Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова қатысты.

Биыл Шымкентте 6 кітапхана жаңартылып, олардың үшеуі оқырмандардың қолдануына қайта берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы бір кітапхана қайта ашылады.

Солардың қатарында Шәмші Қалдаяқовтың 5 жыл тұрған үйінің бірінші қабатында кітапхана ашылды. Аталған кітапхананың интерьерінің тақырыбы музыкаға арналады.

Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова да қатысып, жиналған қауым гүл шоғын қойды.