Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ СЕМИНАРДА ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

Шымкентте «Әйелдер әлеуетін нығайту және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Онда гендерлік саясатты нығайту тетіктері мен қоғамда әйелдердің әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинар Қазақстандағы Швейцария елшілігінің қолдауымен Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы», «Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығы», «Азаматтық Альянсы» қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылды.

– Мақсатымыз – жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыстарын және әлеуметтік сая­сатты жетілдірудегі гендерлік аспектілерді қолдану кешенін оқыту, – дейді БҰҰ халықтың қоныстануы қорының (ЮНФПА) ұлттық кеңесшісі Сағадат Сәбитова.

Жиында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Айгүл Сәрсеева қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін жеткізді.

Семинар-тренингке әйелдер қоғамдастығының әлеуметтік белсенді өкілдері — қоғам белсенділері, ҮЕ, БАҚ, мәслихат депутаттары, хатшылар мен Шымкент қаласы және 4 аудан әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, дағдарыс орталығының өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық -зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің мамандары қатысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *