Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте партияның сайлауалды бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда | Zau.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан орнықты дамудың өзіндік моделін қалыптастырды. Бұған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясаты мен табанды түрде жүргізген реформаларының нәтижесінде қол жеткізгеніміз анық. Бүгінде ел дамуындағы осынау жасампаз бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық жолы арқылы жалғастырып келеді. Ал еліміздегі көшбасшы партия сындарлы сәттерде әрдайым халықтың жанынан табылады. Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының өңірде жүзеге асуы бойынша айтып берді.

Қала басшысының айтуынша, Елімізді дамытудың Елбасы белгілеген ұзақмерзімді страте­гиясын жүзеге асыру жолында «Nur Otan» партиясы шешуші рөл атқарды. Ол – жалпыхалықтық қолдаудың арқасында алға қо­йылған мақсаттарға қол жеткізіп, мойнына алған міндеттері мен сайлаушыларға берген уәделерін жауапкершілікпен орындап келе жатқан саяси ұйым. Партия өз қыз­метінде әрдайым тұрғындар та­лабының үдесінен шығуға, халықтың барлық топтарының мүддесін қорғауға және билік пен бұқара арасында алтын көпір болуға күш-жігерін жұмылдырып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қоғамы түбегейлі жа­ңарды. Бүгінде өткенін қастерлей білетін, білімді, талантты, креа­тив­ті азаматтардың тұтас бір буыны өсіп-жетіліп, өзіне ғана тән бірегей мәдениеті мен болмысы бар жаңа ұлттың негізін қалады.

Осылайша, 30 жылдың ішінде елімізде көп нәрсе өзгергенімен, мемлекеттік саясаттың және «Nur Otan» партиясы қызметінің басты қағидаты өзгерген жоқ. Ол – да­мудың эволюциялық жолын ұста­на отырып, демократиялық, гүл­денген, бәсекеге қабілетті, әлеу­меттік мемлекет қалыптастыру және әрбір азаматтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту. Бұл баршаға түсінікті және әр аза­маттың жанына жақын құнды­лық­тар деп ойлаймыз.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы – «Nur Otan» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының сабақтас­тығын сақтауға баса назар аударып отыр. Осы орайда партия Прези­дент жоспарларын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысады. Соның нақты көрінісі ретінде партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа ла­йықты өмір!» атты сайлауалды бағ­дарламасын атап көрсетуге болады.

Республикалық маңызға ие қала атанған Шымкент ендігі жер­де еліміздің қаржылық, эконо­микалық және мәдени орталығына айналуы тиіс. Біз өз қаламызды еңбек ету мен демалуға, өмір сүру­ге қолайлы, қауіпсіз әрі табысты шаһар еткіміз келеді.

Еліміздің үшінші мегаполи­сіндегі өз жұмысында «Nur Otan» партиясы шымкенттік әрбір аза­маттың қажеттіліктері мен мүд­делерін ескере отырып, қарапайым тұрмыстық мәселеден бастап, едәуір ауқымды проблемаларды шешуге ұмтылады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *