Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте өткен семинарда вакцинациялау мәселелері талқыланды

Шымқалада COVID-19 дертіне қарсы вакцинациялау, өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы шара ұйымдастырылды.

«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев «ЕВРОКРИСТАЛЛ» ЖШС-нің ғимаратында семинар-кеңес өткізді.

Семинарда еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу жөнінде мәселелер қозғалды. Сондай-ақ басқосу барысында өзге де бірқатар маңызды мәселелер сараланды.