Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте оқушылар арасында жарыс өтті

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта білім беретін мектепте дене шынықтыру бірлестігінің «Спорт-біздің досымыз!» ұранымен өткізілетін апталық жоспары бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» атты мектепішілік 5 сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өткізілді.

Оқушыларды пионербол ойнына қызығушылықтарын арттыру және шымырлық пен төзімділікке бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған сайыс тартысты әрі қызықты өтті! Ойын барысында 5А сыныбы басым түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлады! 5В сыныбы 2- орын, 5б сыныбы 3-орынға ие болып, жүлделермен марапатталды!