Ағымдағы жылы Шымкентте кәріз жүйесінің 3 магистралды және 10 ішкі орамдық құрылысына 6,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 18 мың қала тұрғыны орталықтанған кәріз жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 54 пайызға жететін болады.
Электр желісі бойынша 3 қосалқы станса салуға және 14 елді мекенге электр желісін тартуға 9,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар биыл тамыз айында қаланың 250 мың тұрғынын қамтитын «Бозарық» электр стансасы пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 21 мыңнан астам халық сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамту деңгейі 97 пайызға жетеді.
Осы жылы №3 автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГРС) құрылысын аяқтауға 2,4 млрд теңге, ал 12 елді мекенге газ құбырын тартуға 3,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы, Шымкентте халықты ауызсумен және табиғи газбен қамту мәселесі 2023 жылға дейін, ал сапалы электр қуатын жеткізу мәселесі 2025 жылға дейін толығымен шешіледі деп жоспарланған.