Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкентте мектеп кітапханалары жаңа кітаптармен толықты

2021-2022 оқу жылында қалалық білім басқармасы тарапынан мектеп кітапханасына 200-ден аса жаңа көркем әдебиеттер берілді. Атап айтар болсақ кітапхана қоры орта буын мен жоғарғы сынып оқушыларына арналған қазақ халқының және шетел жазушыларының шығармалары, бастауыш сыныпқа арналған ертегілер топтамаларымен толықтырылды. Жаңа кітаптардың қатарында әлем және ел классиктері, көрнекті қаламгерлердің оқырмандардың сүйіп оқитын туындылары енген жинақтар аз емес. Олар оқушылардың таным-түйсігін, ой-өрісін арттыруда өз пайдасын тигізері сөзсіз.

«Кітап дегеніміз—қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы айтып беруге болады, өйткені, сенің оқыған кітабың—сенің өмірлік ойың». Ендеше кітап оқуға жалықпайық, жансерігімізге айналдырайық…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *