Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ МАЛШАРУШЫЛЫҒЫН ЖЕМ-ШӨППЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Үшінші мегаполисте мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жемшөп дайындау» іс-шара жоспары бекітіліп, осы іс шара жоспары негізінде жұмыстар атқарылуда.

Бұл жоспар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен 2021 жылғы 10 шілдедегі «2021 жылдың бірінші жартысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы» кеңестің хаттамасына сәйкес құрылды.

Жалпы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша қажетті қаржы көлемі анықталды. Осыған сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 248,0 млн. қаржы қарастырылып, қала әкімдігінің қаулы жобасы дайындалуда.

Сондай-ақ, жемшөп өндіру кезінде қуаңшылықтан сақтандырудың қолжетімділігін жетілдіру мен арттыру бойынша қала аумағында шаруашылықтармен бірлесе жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, «Қасқасу-С» шаруа қожалығында мал азықтық дақылдар егілетін жерге тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып бір жылда егістіктен 4 рет өнім алу жоспарлануда. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта шет ел ғалымдарымен бірлесе мал азықтық дақылдарды егу үшін алдын ала топырақтың құрамын зерттеу бойынша жұмыстар істелуде.

Бұған қоса аталған шаруашылық базасында гидрапоникалық әдісті қолданану арқылы шырынды мал азығын дайындау жоспарлануда. Аталған әдістің тиімділігі 2 кг астық дәнін сеуіп 7 күнде 12 кг шырынды мал азығын алып өнімділікті жоғарылату. Бұл әдіс бойынша алдағы уақытта шаруашылықтермен арнайы жиналыс-семинарлар өткізіліп, қала аумағындағы шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарда орналастыру жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *