Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 85,9% ПАЙЫЗ КӨРСЕТКІШТІ ҚҰРАДЫ | Zau.kz

Шымкент қаласында 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Мүгедектерді сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сурдотехникалық құралдар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, мүгедек балалар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге беріледі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету 85,9 пайыз көрсеткішті құраған. Бұл көрсеткіш пайызға шаққанда өзге өңірлер ішінде Шымкент қаласында едәуір артқан.

Ағымдағы жылдан бастап «әлеуметтік портал» арқылы онлайн тапсырыс бергендер саны — 575- ке жеткен. Осы портал бойынша тапсырыс түскен күннен бастап, 14 күн ішінде тегін жеткізу де қарастырылған.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынылып отыр. Мүгедектігі бар жандарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз ету қарастырылған. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері кіреді.